ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ... -- "АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ..." -- 21 Қазан 2019

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі КММ

Пошта индексі: 120700;
Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Көкшоқы м/а И.Әбдікәрімов №11 тел/факс: 8 (72432) 35-5-70,  35-5-09;
Электрондық пошта:  sh.kurylys-saulet@korda.gov.kz 

«Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

Әбдрахман Бағлан Сейдубатталұлы 1987 жылы 23 cәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2010ж Халықаралық Білім Беру Корпорациясының Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясының бакалавры. 2012ж Халықаралық Білім Беру Корпорациясының Қазақ бас-сәулет құрылыс академиясының Сәулет мамандығы бойынша өнер магистрін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласында «Урбостиль» ЖШС-де сәулетші-техник болып бастаған. 2006-2016 жылдары «Урбостиль» ЖШС-де жұмыс атқарған.

08.11.2016ж. - 23.01.2018ж. аралығында «Шиелі аудандық сәулет және қала  құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

23.01.2018ж. - 07.03.2018ж, аралығында «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі;

07.03.2018ж. - 14.01.2019ж. аралығында «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сәулет бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

14.01.2019ж. бастап - «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы.

 

Негізгі міндеттер:

  1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, ведомствалық бағыныстағы аумақта құрылыс саласында мемлекеттік саясатын жүзеген асыру, құрылыс саласында жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстарды дайындау, ауданның әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, өндірістік және ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылыс салу жұмыстары бойынша бюджеттік бағдарламаларын дайындау және жүзеге асыру, белгіленген тәртіппен құрылыс-құрастыру, жобалау-сметалық және басқа да жұмыстарды мемлекеттік сатып алуы бойынша ашық конкрустар өткізу, белгіленген тәртіппен салынып жатқан объектілерді техникалық бақылау, технологиялық ілеспе жұмыстарын жүргізуге тұлғалар тарту, ауданның әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, өндірістік және ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылыс салу жұмыстарына және басқа да объектілерінде құрылыстың жүзеге асуына жалпы бақылау орнату.
  2. Ауданның әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, өндірістік және ауыз сумен қамтамасыз ету нысандарының құрылыс саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.
  3. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

4.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Құрылымы 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Әбдрахман Бағлан Сейдубатталұлы

Басшы

35-5-70

2

Баядилов Жомарт  Мұхтарұлы

Сектор меңгерушісі

35-5-09

3

Дихамбаев Бакрадин Кенжеғұлұлы

Бас маман

35-5-09

4

Данабеков Жанболат Турсынович

Бас маман

35-5-09

5

Шалбаев Ғалымжан Серікұлы

Бас маман

35-5-42

 

Ереже

«Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

  1. Жалпы ережелер
  1. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.
  3. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, И.Әбдікәрімов көшесі, №11.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  11. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбі, заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
  12. Осы Ереже «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  13. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
  14. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

        

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

        

  1. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласын кешенді дамыту арқылы аудан халқының тіршілік етуіне қолайлы орта жасау және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыру.
  2. Міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде аудан аумағында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарының орындалауын қамтамасыз ету;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген бас жоспарлардың негізінде елді мекендердің аумақтарында құрылыс салу және дамыту, сондай-ақ, адамның тіршілік етуіне қолайлы орта мен орын құру жөніндегі қызметтерді үйлестіру;

3) аудан бойынша базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының қызметтерін ұйымдастыру;

4) кент, елді мекендерде құрылыс салудың кезекші-оперативтік жоспарларын, сондай-ақ жер асты коммуникациялары мен құрылыс объектілерін орналастырудың кезекші жоспарларын жүргізу жөніндегі қызметтерді үйлестіру;

 5) өз құзыреті шегінде бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру;

6) құрылыс саласында елді мекендердің өмір тіршілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу;

7) аудан аумағында мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу; 

8) аудандағы құрылыс кешенінің жағдайын талдау, даму болашағын анықтау, барлық құрылыс түрлерінің бәсекелестігін қамтамасыз ету және аудан халқына жоғары деңгейде қызмет көрсету саясатын жүргізу.

  1. Функциялары:

1) заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ кенттің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

4) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

5)  объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін тіркеу және пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

6) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

7) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс енгізу;

9)  аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау жөнінде анықтама беру;

10) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

11) «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

12) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

13) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету;

14) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау;

15) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнама қызметінің мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;

16) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргiзуді және толықтыруды қамтамасыз ету;

17) аудан аумағында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органының жұмысына жәрдемдесу;

18) жеке және заңды тұлғалардың бөлімге жолдаған өтініштерін қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беру;

19) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

20) құрылыс саласы бойынша мемлекеттің саясатын ведомствалық аумағында жүзеге асыру; 

21) құрылыс саласы бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау;

22) әр түрлі келісім шарттар жасау, оның ішінде мердігерлік келісім шарттары;

23) құрылыс обьектілерінде құрылыстың жүруіне жалпы бақылау орнату;

24) құрылысы салынатын және салынып жатқан (реконструкциялау, кеңейту, модернизациялау) және құрылысы жоспарланған обьектілер мен комплекстерге мониторинг жүргізу;

25) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдар-дан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

4) елді мекендерде тіршілікті қамтамасыз ететін құрылыс мекемелері мен ұйымдардың меншік нысаны мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан жұмысын реттеуді жасауға керекті ақпаратты сұрап, уақытында алып отыруға;

5) аудан аумағында құрылыс жүргізуші субъектілерден құрылыс жүргізуге дайындалған және құрылыс жүргізіліп жатқан объектілер мен кешендерді (қайта жаңғырту, кеңейту, жетілдіру, күрделі жөндеу) салуға белгіленген және салынап жатқан құрылыстардың жобалау және орындау құжаттарын алып, таныса алады.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

1)   бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімді білдіреді;

5)  өз құзіреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын  ұйымдастырады;

8)   заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы анықтайды.
  2. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

«Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

  1. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 
  1. «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
  2.  
  3. Шиелі кентінің Бас жоспары жүктеу...                                             

Халықпен жұмыс

 
  •  

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңның 13 бабының  1 тармағына сәйкес «Шиелі аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы мекеменің қызметкерлерін жеке қабылдау кестесі:

    АТЫ-ЖӨНІ

     

    ҚЫЗМЕТІ

    ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ

    БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

    Әбдрахман Бағлан Сейдубатталұлы

    Бөлім басшысы

    СӘРСЕНБІ

    сағат 16.00-18.00

    8(72432) 35-5-70

    Басшылардың жеке қабылдауына алдын ала жазылуды іс-жүргізуші жұмыс уақытында жүзеге асырады. Байланыс телефоны: 8(72432) 35-5-70; 8(72432) 35-5-09; факс; 8(72432) 35-5-09

  • Видео ақпараттар

    Scroll to top