ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019
АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ... -- "АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ..." -- 21 Қазан 2019

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі 2019 жылғы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 Жедел-профилактикалық іс-шаралар мен арнайы операцияларды өткізудің 2016-2018 жылдарға арналған кестесіне сәйкес, 2019 жылдың 2-ші тоқсанында 13-15 маусым күндері және 3-ші тоқсанның 12-14 қыркүйек күндері аралығында Республика аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «SТОP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шаралар барысында, кәмелетке толмағандарды еңбек етуге қайыр сұрауға және жыныстық іс-әрекеттерге мәжбүрлеу, өзгеде қанау фактілерін ескерту және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 30 наурызда және 28 маусымда Қызылорда облысының Жастар саясаты басқармасымен, аудандық ішкі саясат және білім бөлімі  мекемелерімен бірлесіп, аудан көлеміндегі автокөлік жуу орындары мен мейрамханаларға, орталық базарға рейдтер ұйымдастырылып, нәтижесімен кәмелетке толмағандарды заңсыз еңбек етуге мәжбүрлеу фактілері анықталған жоқ. 

Сонымен қатар, АПБ-нің қызметкерлерімен аудан көлеміндегі ойын-сауық орындарында, монша кешендерінде, қонақ үйлерде жалға берілетін пәтерлерде, сондай-ақ шаруа қожалықтарында, фермерлік шаруашылықтарда және құрылыс обектілерінде қанауды, адамдарды тартумен, ұрлаумен, бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ашуға, анықтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында аудан көлемінде жезөкшелікпен айналысып жүрген Қызылорда облысының 5 азаматшасы /2-уі Шиелі, 1-Қызылорда , 2-уі Жаңақорған/ ІІО-ның «Образ++» және «Папилон» бағдарламасына енгізіліп, арнайы есепке алынды.Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік шаралар көрілді.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында аудан көлемінде кәмелетке толмаған жасөспірім қыздар арасында жезөкшелікпен айналысу деректері және жеңгетайлық қылмысымен, адам саудасымен  айналысу жайлы қылмыс деректері анықталған жоқ. Дегенмен бұл бағытта профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шаралармен арнайы операцияларды өткізудің 2016-2018 жылдарға арналған кестесіне сәйкес, 2018 жылдың 4-ші тоқсанның 22-26 қараша күндері аралығында Республика аумағында адам саудасына байланысты қылмыстарды ескертуге, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «SТОP трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуіне байланысты Шиелі АПБ-нің 23.11.2018 жылғы №144 ж/қ-у бұйрығымен «Стоп-трафик» ЖПІШ ұйымдастырылып, АПб-нің қызметкерлерімен аудан көлеміндегі ойын-сауық орындарында, монша кешендерінде, қонақ үйлерде жалға берілетін пәтерлерде, сондай-ақ шаруа қожалықтарында, фермерлік шаруашылықтарда және құрылыс обектілерінде қанауды, адамдарды тартумен, ұрлаумен, бас бостандығынан заңсыз айырумен байланысты қылмыстарды ашуға, анықтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында аудан көлемінде жезөкшелікпен айналысып жүрген 2 азаматша анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігімен №3168 санды әкімшілік хаттама толтырылып, 24 000 теңге айыппұл салынды. ІІО-ның «Образ++» және «Папилон» бағдарламасына енгізіліп, арнайы есепке алынды.

 Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында аудан көлемінде кәмелетке толмаған жасөспірім қыздар арасында жезөкшелікпен айналысу деректері және жеңгетайлық қылмысымен, адам саудасымен  айналысу жайлы қылмыс деректері анықталған жоқ. Дегенмен бұл бағытта профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан көлемінде заңсыз келген және тұрып жатқан шетел азаматтарын, заңсыз жолмен жалданып жұмыс істейтіндерді, шетел жұмысшы күшін заңсыз пайдаланушыларды, террористік және эксремистік ұйымдардың мүшелерін, заңсыз миграциялық, контрабандалық, іздеуде жүрген шетел азаматтарын анықтау мақсатында аудан көлеміне алыс және ТМД  елдерінен жеке істерімен 5350-адам уақытша тіркеуге алынды. Оның ішінде Өзбекстан Республикасынан келген-5239 азамат, Ресейден-57, Қырғыстаннан-39, Тәжікстаннан-10,  Грузиядан-5 азаматтары уақытша тіркеуге алынды.

Бөлімнің Көші-қон қызметі бөлімшесінің және учаскелік полиция инспекторларымен еңбек күшіне келген әрбір шетел азаматтары уақытша тіркелген мекен-жайы бойынша тексерілуде. Бүгінгі күні еңбек күшіне келген шетел азаматтарын құрылыс саласы мен егіншілікте құлдыққа пайдалану деректері анықталған  жоқ.

Видео ақпараттар

Scroll to top