АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2019 жылғы «19» наурыз ..." -- 20 Наурыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- " «Қызылорда облысы бойынша тексеру ..." -- 18 Наурыз 2019
Тұрғымбаев полицейлердің формасы неліктен ауыспайтынын түсіндірді -- "Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев не себепті ..." -- 13 Наурыз 2019
Қазақстан Эфиопиядағы оқиғадан кейін Boeing 737 MAX ұшағын уақытша ... -- "Қазақстанда Boeing 737 MAX маркалы әуе кемесінің ..." -- 13 Наурыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ШАРАСЫ ӨТТІ -- "Бүгін Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ..." -- 11 Наурыз 2019
Назарбаев Эфиопия президентіне көңіл айтты -- "Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия Федеративтік ..." -- 11 Наурыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күні» шарасына шақырады ..." -- 11 Наурыз 2019
Көпбалалы отбасылар жеке куәліктерін көрсетіп әлеуметтік көмек алатын ... -- "Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек ..." -- 05 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   2019 жылдың ..." -- 04 Наурыз 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Жыл басынан бері ..." -- 04 Наурыз 2019

Шиелі ауданы бойынша білім саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы

        Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында  көрсеткендей, осынау үлкен өнеркәсіптік революция жағдайында адами капиталдың алар орны айрықша. Елбасының биылғы Жолдауын­дағы басымдық берілген мін­деттердің бірі де осы адами капитал болып отыр. «Өзінің та­рихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін мең­герген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс». Мемлекет болашағының кілті – қазіргі жаңа технологияларды меңгерген, соны­мен бірге түп-тамырынан ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін нағыз сапалы азаматтарда. Сол адами капиталды дайын­дап, болашағына жол сілтейтін, келешегімізді кемел біліммен сусындата­тын – ұстаздар қауымы.  Сонымен қатар биылғы Жолдау «100 нақты қадам», үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму, «Рухани жаң­ғыру» сияқты бағдарламаларда көрсе­тілген бағыттардың заңды жалғасы бол­­­ғанын байқаймыз.  Мемлекеттің қуаттылығы ха­лық­тың білім деңгейі мен ден­­саулық жағдайына байланыс­ты өлшенеді. Ғалымды да, ин­женерді де, дәрігерді де алғаш­қы кезеңде білім нәрімен сусын­датқан ұстаздар қауымы екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Адами капиталдың сапасын арт­тырудың негізгі бастауы да білім беру ісінің негізінде жат­қанына салмақты түрде назар аударуымыз керек. Бұл сапа көр­сеткішінің артуы тікелей ұстаз­дар қызметімен байланысты екенін аңғартады. Осы орайда қоғамымызда ұстаздарға артылатын жүк те, сенім де салмақты. Ұстаз мәртебесінің жоғары болуы – білім сапасын арттырудың бірден-бір кепілі.    Аудандағы білім беру жүйесін  жалпы білім беретін 40 мектеп (оның ішінде  жаңа типті 7  мектеп: 2 мектеп-гимназия, 5 мектеп-лицейлері,  34  жалпы білім беретін мектептер) мен 1 кешкі мектеп, 128 мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымдары құрайды.

         Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес сапалы білім беру көрсеткішінің негізгі бағыты – білім ұйымдарының материалдық – техникалық базасын нығайту болса, осы бағытта  2018 жылы аудандағы  №219, №155 және №251 орта мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары үшін жергілікті бюджеттен 158 млн теңге және басқа білім мекемелерін ағымдағы жәй жөндеу жұмыстары үшін 18 млн теңге қаражат бөлініп, тиісті жөндеу жұмыстары атқарылды.

         Мектепке  дейінгі  тәрбие мен оқыту, баланың жас шамасын және өзіндік ерекшеліктерін  ескере отырып, балалардың білім білік дағдыларын  қалыптасуы  мен дамуына  жағдай жасайтын Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірінші деңгейі  екені бәрімізге  мәлім.     

      Себебі, білім беру деңгейі – қоғам мен мемлекеттің табысты дамуының кепілі.   Бүгінде   ауданымызда   0-7    жас   аралығында бала саны – 16440-ді  құраса, 17 мемлекеттік  балабақша-1630 бала, 11 толық  күнмен шағын орталықта- 330 бала, 1 жеке  шағын  орталықта -60 бала,барлығы-390 бала, 64- жеке бала-бақшада- 4175  бала,  мектептердегі  толық  емес   күнмен   шағын  орталықта 36 мектепте -1858 бала, барлығы - 8053 бала тәрбиеленсе, бастауыш  сыныпта  6-жаста- 1306 бала,7-жаста -1855  бала,  барлығы -3161  бала   білім  алуда. 3-6 жастағы  қамтылу пайызы - 100  пайыз, 5-6  жастағы  балаларды  қамту -100 пайызды  құрайды.  2018 жылы қыркүйекте айында мектепке дейінгі мекемелердің қызметін ашықтығын қамтамасыз ету және ақпараттандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 12,5 млн теңге қаржы қаралып, «БАРС электонный детсад» модулы енгізілді.    

     2018-2019 оқу жылында 1,2- сынып оқушыларын жұмыс дәптерімен және 3,6,8-сыныптарды жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарымен  100 пайыз қамту мақсатында жергілікті бюджеттен жалпы 173 955,0 мың теңге соның ішінде оқулыққа 168 327,0 мың теңге, тасымалға  5 628,0 мың теңге қаржы қаралып, Атамұра, Арман-ПВ, Алматыкітап, Мектеп, Келешек-2030, Көкжиек, НЗМ, Express Publishing, Бөбек баспаларына тапсырыстар берілді

        Шиелі ауданы бойынша мектеп жанындағы 3 интернат жұмыс жасайды. Ғимараттары  бейімделген жобада салынған. Сыйымдылығы бойынша әр интернат 25 орынға арналған. 2018-2019 оқу жылы №149 орта мектеп жанында орналасқан интернат Шиелі кентіндегі №47 мектеп – лицейдің ескі ғимратанына көшірілді.

         Инклюзивті білім беруді дамыту үшін жағдай жасау жыл сайын қарқын алып, тиісті қаржылар бөлініп келеді.2018 жылы мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған баланың үлесі – 23 % болып жоспарланған. Шиелі ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 818. Оның ішіненинклюзивті біліммен қамтылған бала саны – 166 («Айналайын» балабақшасында 30 бала, «Жадыра» балабақшасында 11 бала, №84 негізгі мектептің шағын орталығында 20 бала, №50 орта мектепте 34 бала, №127 мектеп-лицейде 27 бала). Қамтылу пайызы – 27 %                      2016-2017 оқу жылында 114 бала денсаулығына байланысты үйден оқытылды. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №123 Қаулысына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші ата – аналарға психологиялық көмек және кеңес беру мақсатында онлайн - қолдау қызметі жүзеге асырылатын болады. Ауданда «Психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясы» мекемесі 2004 жылдан жұмыс жасап келе жатса,  Есту, көру, сөйлеу тілі қабілеттері, тірек-қозғалыс аппараты, эмоциялық-еркі саласы бұзылған, ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету барысында Шиелі ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті Қызылорда облысы әкімінің 2017 жылғы   11 шілдедегі №831 «Коммуналдық мемлекеттік мекемелер құру туралы» қаулысымен құрылды. Осы жылдың тамыз айынан өз қызметін бастап, психолог, логопед, дефектолог, сурдопедагог, емдік және дене шынықтыру нұсқаушысы мамандармен қамтылды. Қазіргі таңда 45 баламен жұмыс жасауда. Аудан білім мекемелерінде  67 педагог – психолог, 24 әлеуметтік педагог, 3 логопед, 1 дефектолог жұмыс жасап келеді. Алдағы уақытта 15 мектептен логопункт ашу жұмыстары жоспарланған.

         Адами капитал сапасының басты көрсеткіші ұстаздардың біліктілік, тәжірибелік сапасы.Білім бөліміне қарасты білім мекемелерінде  2018-2019 оқу жылында  жалпы – 2764 мұғалім, оның ішінде жоғары білімді – 2547,  арнаулы орта білімді- 151 мұғалім жұмыс жасады. Оның ішінде жоғары санатты-372,  І санатты- 1005, ІІ санатты- 812, санаты жоқ мұғалім саны- 509.  Әйел кісілер саны-2233, ер кісілер- 465 мұғалімді құрайды.

2017-2018 оқу жылындағы педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі бойынша ағымдағы жылдың мамыр айындағы біліктілік тестіне қатысуға өтініш берген 342 (қатысқаны 275)  мұғалімнің шекті балдан 175 – і (63,7%)  (модератор - 42, сарапшы – 86, зерттеуші - 45, шебер - 2) өтіп, жалпы аттестаттаудың қорытындысымен біліктілік санатын растаған 181 мұғалімнің (61 – і «педагог – модератор», 84 – і «педагог – сарапшы», 35 – і «педагог – зерттеуші», 1 – уі «педагог – шебер» санаттары бойынша) жалақысы 30 – 50 пайыз аралығында өсті. Жақында, қарашаның 3 – інде өткен Ұлттық Біліктілік Тестілеуге аудан бойынша 206 мұғалім қатысып, оның 107 – і (52,0 пайыз) (модератор - 36, сарапшы - 55, зерттеуші - 15, шебер - 1) өтіп отыр жоғары біліктілік санатына ұсынылған - 141 мұғалім,   І  санат - 328 мұғалім, ІІ санат -167 мұғалім біліктілік талаптарына сәйкес келіп, тиісті санаттары берілді. Жоғары, І,ІІ санатты мұғалімдер аудан бойынша 5,3 пайызға өсті. Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында  «2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырамын. Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген  ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздері ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады.  Нәтижесінде,  мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.» делінген. 

  «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пән мұғалімдеріне ағылшын тілін үйрету тілдік құзыреттілігін дамыту мақсатында 2017жылы– 54 мұғалім ( физика-14, информатика-15, химия-12,биология-13 , жалпы  үлесі 2 пайыз) біліктілігін арттырса, 2018жылы – 95мұғалім   (физика-22, информатика-26, химия-20,биология-27 ,жалпы  үлесі  4 пайыз)біліктілігін арттыру жоспарлануда. 2019жылы - 81  (физика-21, информатика-25, химия-19,биология-26, үлесі 3 пайыз),2020жылы - 87  (физика-20, информатика-24, химия-18, биология-25, үлесі 3 пайыз) мұғалімді тілдік курстардан өткізу жоспары жасалды.

         Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогикалық біліктілікті артыру қысқа мерзімді курстар, оның ішінде онлайн қашықтан оқыту курстарынан 2018жылы -500 мұғалім өтсе,2019жылы-580,2020жылы -650 мұғалімді өткізу жоспарлануда.

         Қорытынды мемлекеттік аттестаттау және ҰБТ қорытындысы

   Үстіміздегі жылы мектеп бітіруші  892  түлек  қорытынды аттестаттаудан өтіп 20 түлек Ерекше үлгідегі «Алтын белгі», 2 оқушы Үздік аттестат иеленді. 2017-2018 оқу жылының қорытындысымен аудан бойынша барлық жалпы орта білім беру курсын ақтаған 892  бітірушінің 522-і (58,5%) ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп, 518  (58 пайызы) түлек қатысты.  Оның 509 – ы қазақ тілінде, 9 оқушы орыс тілінде ҰБТ тапсырды. №127 мектеп – лицейдің 1 «Алтын белгі иегері» А. Громова-Данелян Ресей ЖОО орнына түсуге тілек білдіруне байланысты ҰБТ – ға қатысқан жоқ. Ең жоғары 125 балды  №127  мектеп-лицей түлегі Матханов Табиғат иеленді.  69 түлек (13,3 пайызы) 100-100-ден жоғары балл алды. Ең төменгі  22  балды  №270  мектеп  түлегі Оразалиева Несібелі  иеленді.  Мектептер бойынша орта балл    Ең жоғары 103,0  балды  №142 мектеп көрсетті, қатысу пайызы 100 . №40 мектеп -92 орта балды иеленді, қатысу пайызы -25 №153 мектеп -91,2 орта балды иеленді, қатысу пайызы -53,3 Аудан көрсеткішінен төмен нәтиже көрсеткен мектептер: №141 мектепеңтөменгі  65,7 балды, қатысупайызы -90,9 №206  мектеп  71,5 орта балдыжинады, қатысу пайызы-66,6. №159  мектеп  73,5 орта балдыжинады, қатысу пайызы-58,3.Ауданның ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балы 81,4 болды. Облыстың орташа балы-86,1.   Барлық  түлектердің 513  жоғарғы оқу орындарына орналасса,  оның ішінде - Мемлекеттік грант саны -310 болса, оның ішінде «Мәңгілік Ел жастары индустрияға 2050-Серпін» бағдарламасы  бойынша грант саны -144. Оның ішінде педагогикалық мамандықтарға-82, медициналық мамандықтарға-19,техникалық-148,ауыл шаруашылық мамандықтарына-33,қызмет көрсету саласына-10,әлеуметтік салаға-15, өнер саласына 3 түлек мемлекеттік грант иелендіӘскери оқу орындарына 7 түлек, ректорлық гранттарды 8 түлек иеленді. Мұнан бөлек білімді де белсенді жастарға жылма жыл бөлінетін Облыс әкімінің грантын 29 түлек  иеленді. Сонымен қатар 2018 жылы бітіруші түлектердің 322 арнаулы орта оқу орындарына түссе, оның 213-і бюджеттік негізде оқыса, қалған 109 ақылы негізде оқиды. 11 түлек  шетел оқу орындарына түссе, 8 жоғарығы оқу орнына және 3 оқушы Ресей федерациясындағы арнаулы орта оқу орындарына орналасты.

Білім беруді цифрландыру

  Елбасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандағы білім беру ұйымдарында 2683 компьютер бар, 6,2 оқушыға 1 компьютерден келеді. Ауданда жалпы саны – 495 пән кабинеттері жұмыс жасайды.  Аудан бойынша 41 мектептің 38-і интерактивті тақталармен, 32 лингафонды және мультимедиялық кабинеттермен, 12 мектеп жаңа үлгідегі физика, 13 мектеп химия, 17 мектеп биология кабинеттерімен жабдықталған.     2016 жылы білім беру ұйымдарына жергілікті бюджеттен 16403,0 мың теңгеге 117 дана компьютер, 2017 жылы облыстық бюджеттен 29889,0 мың теңге тозығы жеткен компьютерлерді 194 дана жаңамен ауыстырылды, 2018 жылы облыстық бюджеттен компьютерлік паркін жаңартуға 9804,0 мың теңге 60 дана компьютер сатып  алынса, 2018 жылдың І жартыжылдығында 60 компьютер алынса, алдағы 91 компьютер алуға конкурс  жариялануда.. «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы бойынша 2016-2017 оқу жылынан бастап 10 білім беру ұйымдары (№157, №152, №158, №219, №148, №153, №270, №50, №45, №46), қалған 31 білім беру ұйымдары 2018 жылдың сәуір айында енгізілді. Қазіргі  таңда  2877 мұғалім, 16719 оқушы, 11978  ата-ана  тіркелді.  «BilimLand» білім беру платформасына қосылған 41 білім беру ұйымдарының ішінен онлайнға қосылғаны 38 мектеп,  3 бастауыш мектеп (Лесхоз, Жуантөбе, Ақтам) оффлайнға қосылған. Пайдаланушылар саны – 1920. Мұғалімдер күнделікті, ашық сабақтарында, бастауыш сынып сағаттарында және тест сынақтарында қолданып жатыр. Облыстық бюджеттен 26833,0 мың теңгеге 7 инновациялық мектеп (№45, №46, №47, №48, №252, №127, №153) және  Оқушылар үйін STEM технологиялары бойынша «Робототехника» кабинеттерімен қазан айында жабдықталды. 2018 жылы облыстық бюджеттен 6 883,922 теңге оқушылар үйі және №47 инновациялық мектепке «3D-модельдеу» және тілдік орталықтар кабинеті, Оқушылар үйіне «Цифрлық білім беру лабораториясына» 4777,263 теңге қаржы қаралды. 2018 жылы облыстық бюджеттен 10 білім беру ұйымдарына (№219, №244, №270, №50, №152, №41, №156, №157, №214, №148) «Робототехника» кабинеті, электронды күнделікке 200 дана планшет сатып алуға 6 998,800 теңге,  27900,0 мың теңге 11 білім беру ұйымдарына (№219, №244, №228, №142, №50, №206, №151, №133, №243, №207, №84) 5 топтамадан 55 дана интерактивті тақта сатып алынады. №84, 154, Ақтам, Лесхоз, Жуантөбе шағын жинақталған мектептердің білім беру жүйесімен "BILIMBOOK" 25 дана ноутбукпен жабдықталды. 93 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына Электрондық автоматтандырылған жүйесін орнатуға 12500,0 мың теңге қаржы қаралды.  Облыстық бюджеттен физика кабинетімен жабдықтауға 49660,0 мың теңге, химия кабинетімен жабдықтауға 45725,0 мың теңге, биология кабинеттерімен жабдықтауға 34 202,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жүргізілді.. Кең жолақты интернет желісіне 38 білім беру ұйымдары 4 Мбит/с және 8 Мбит/с жылдамдыққа қосылған. Кентте орналасқан мектептерді талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосылады деп жоспарлануда. 2013 жылы электронды оқыту жүйесіне қосылған 9 білім беру ұйымдары (№45, №46, №127, №244, №270, №41, №49, №149, №156) техникалық құралдарымен және Wi – Fi нүктелерімен  қамтамасыз етілген, 2018 жылы 1392,0 мың теңгеге 174 дана модем Wi-Fi роутерлерді сатып алынды. 

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананыжаңғырту бағдарламасының«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының орындалуы

Бүгінгі күні ауданымыздаҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқындап көрсетілген «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын білім мекемелерінде түсіндіру мақсатында Шиелі аудандық білім бөлімібойынша атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, мақаланы ілгерілету және ақпараттандыру шараларының жоспары бекітілді.

І. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша

1.1. «Өлкетану» базалық бағыты аясында,«Туған жеріңнің тарихын білу міндет» тақырыбында тарих пәні мұғалімдері арасында  интелектуалдық сайыс ұйымдастырылып, №244 мектептің тарих пәні мұғалім Сүлейменова Шолпан облыстық байқауда, «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен марапатталса, «Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік» атты облыстық тарихи-танымдық шарағақатысқан  №149 мектеп ұстаздары мен оқушыларынан құралған командалық топ «Табысқа жеткен тұлғалар» атты жоба қорғап, «Ең үздік командалық топ» номинациясымен марапатталды.   

1.2. «Отаным-тағдырым» базалық бағыты аясында
«Менің Отбасымның бір күні»
атты мектеп оқушылары арасында бейнероликтер байқауы, «Табиғатты аяла» атты жас өлкетанушылар арасындағы ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

1.3. «Кітап – білім бұлағы» базалық бағыты аясындамектеп кітапханаларында жас  ұрпақты тәрбиелеу мақсатында«Қадірлі сыйлық»әлеуметтік-азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік мәні бар жобаларды жүзеге асыруда . Кітапхана 2018 жылдың 7-8 ақпан күндері Астана қаласында, Қызылорда облысының оқу озаттары мен, белсенді және дарынды оқушыларына «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» атты екікүндік семинар-тренинг өткізді. Аталған шараға, аудан мектептерінен 2 оқушы №47 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Сейтомаров Нұрдәулет, №127 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Еркін Нұрдос барып қайтты.

1.4. «Саналы Азамат» базалық бағыты аясындаауданда «Жас Ұлан» ұйымы оқушыларымен Ұлы Отан соғысының, тыл ардагерлері мен мүгедектерінің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайларына қарай  көмек түрлерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

1.5. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақтіліндегі 100 жаңа оқулық» базалық бағыты аясында өз елінің, туған жерінің тарихына, мәдениетіне, дәстүріне, мәдени мұрасына ден қойып, түрлі форматтағы ізденіс жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі, №47 мектеп-лицей базасында Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибесінен алынған «30 кітап» жобасы іске асырылып келеді.

         Оқушылар арасында жазғы демалыстың ұйымдастырылуы

         2018 жылы балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  экскурсиялар және топтық жұмыстар бойынша - 2085, көркейту, көгалдандыру топтарында – 2 825, құрылыс және жөндеу топтарында – 2 435, мектеп жанындағы аулалық клубтарда – 1029, барлығы 8 374 бала тартылды.     Өткен оқу жылында «Сыр ұланы» лагерінде 700 бала, жергілікті бюджеттен 12 205,0 мың теңге бөлініп демалса, 510 балаға 23 205,0  мың теңге қаралып, Астана қаласына саяхаттау мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ ауданда балалар мен жасөспірімдерді тарихи өлкетанымдық мұражайларға бару және көрікті жерлерді аралату мақсатында 2100 бала Түркістан, Арыстанбаб, Сауран, Қорқыт кесенесі т.б. тарихи жерлерге саяхаты ұйымдастырылды.«Сыр ұланы» лагері Көкшоқы елді-мекенінде орналасса, лагерь  «Жадыра» ясли-бақшасының  бір жақ бөлігін 1 жылға келісім-шартқа отырып, жұмыс жасайды.  2017 жылы  лагердің 150 орынға арналған жобалық сметалық құжаты әзірленсе, қаралған қаражат 7,5 млн теңге. Алайда лагерге тиесілі жер учаскесінің ауысына байланысты жер актісіне түзету жұмыстары  жүргізілуде. Жер көлемі – 5 гектар. Сараптама жұмыстарын  жүргізу үшін 1 800,0 теңге жергілікті бюджеттен қаралуда. 

Видео ақпараттар

Scroll to top